Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » ҚХА мүшелері “Ерікті донор” акциясына қатысты

ҚХА мүшелері “Ерікті донор” акциясына қатысты

Қазақстан халқы Ассамблеясы жергілікті филиалының мүшелері облыстық қан орталығының доноры атанды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Оларды алдымен дәрігерлер қарап, бой мен салмақты, қан қысымын және гемоглобин деңгейін тексерді. Ассамблея мүшелері осылайша “Ерікті донор” акциясының қатысушысы атанды.

“Біз бірінші рет командамен қан тапсыруға келдік. Қан тапсырғаннан кейін өзімді өте жақсы іс жасағандай сезіндім. Мен біреудің өмірін сақтай аламын. Енді жылына бірнеше рет қан тапсырмақпын”, – деді “Жастар Ассамблеясы” РҚБ СҚОФ басшысы Дариға Смайылова.

Бірінші рет келген донорлар 350 мл қан тапсырады. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай процедура адам денсаулығына зиян тигізбейді. Бірақ, донордың қарсы көрсетілімдері болмауы тиіс.

“Егер адам дәрігердің есебінде тұрса, дәрі қабылдаса, ол донор бола алмайды. Статистика бойынша 1-ші қан тобы аса сұранысқа ие”,- деді облыстық қан орталығының дәрігер-терапевті Евгения Захарова.

Бір донор 3 адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Кейбір ғалымдардың пікірінше, донорлық адамның өмірін 5-7 жылға ұзартады.

Shares