Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлдағы “Айман” автосервисінде бас көтерген өртпен 64 маман күресті

Петропавлдағы “Айман” автосервисінде бас көтерген өртпен 64 маман күресті

Петропавлда орналасқан “Айман” автосервисі отқа оранды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

26 ақпан 22:18-де 101 телефонына СҚО, Петропавл қаласы, Пржевальский көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан екі қабатты “Айман” автосервисінде өрт туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі гарнизонының бөлімшелері дереу жетті.

Келген кезде ғимараттың төбесі ашық жалынмен жанып кеткен. Өртті сөндіру штабы ашылды, оның жұмысына СҚО ТЖ департаменттің және өрт сөндіру қызметі басшылығы қатысты. Өртке 2 қоңырау нөмірі берілді.

“3 учаскеде сөндіру ұйымдастырылды. Орталықтан 6 жеңіл автокөлік эвакуацияланды. Өрт СҚО ТЖ департаментінің күшімен 27 ақпанда 00:07-де оқшауланды және 01:44-те жойылды. Өртке жеке құрамның 64 адамы және 14 бірлік техникасы жұмылдырылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің салдарынан нысанның шатыры және екінші қабаттың ішінара үй-жайы жойылды. Өрттің жалпы ауданы – 370 ш. м.”,- деп хабарлады СҚО ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Өрттің алдын-ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Shares