Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда жаппай шаңғы жарысы өтеді

Петропавлда жаппай шаңғы жарысы өтеді

2 наурыз күні облыс орталығының Борки кентінде орналасқан шаңғы-роллер трассасында жаппай шаңғы жарысы өтеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, дәстүрлі шараға ниет білдірген кез-келген адам шақырылады.

“Сіздерді “Денсаулық күніне” арналған шаңғы мерекесіне қатысуға шақырамыз. Шараға кез-келген жастағы қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Жарыс 2 наурыз күні 11:00-де басталады”, – делінген хабарламада.

Shares