Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Петропавлда облыстық “Ақшақар” қысқы спартакиадасының ашылуы өтті

Петропавлда облыстық “Ақшақар” қысқы спартакиадасының ашылуы өтті

Борки кентінде оқушылар арасында жыл сайын болатын облыстық “Ақшақар” қысқы спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Жарысқа облыстың 14 ауданынан келген және петропавлдық 1300-ге жуық оқушы қатысуда. Балалар спорттың 10 түрі бойынша таласқа түседі.

“Біз жарыстың бір бөлігін ауа райына байланысты өткізіп тастадық. Ауа райы жақсарғаннан кейін осы базада шаңғы жарысы өтеді. Шайбалы хоккейден матчтар “Қарасай” стадионының базасында ұйымдастырылады, футзалшылар Бескөл ауылына барады. Ал үстел теннисінен ойындар Борки кентінде өтеді”,-деді облыстық дене шынықтыру, спорт және АӘД оқу-әдістемелік орталығының директоры Қанат Сәдуақас.

Спартакиаданың қорытынды шығаруы мен жабылуы 29 ақпанда өтеді. Жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар облыс құрамасына алынады. Олар республикалық спартакиадада өңірдің намысын қорғайтын болады.

Shares