Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда көшеден 50 жастағы әйелдің денесі табылды

Петропавлда көшеден 50 жастағы әйелдің денесі табылды

Петропавлдағы Алтынсарин көшесі бойынан 50 жастағы солтүстікқазақстандық әйелдің денесі табылды. Жаға ұстатарлық фактіге қатысты Петропавл қалалық полиция басқармасы бірінші полиция бөлімінің тергеушілері сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Алтынсарин көшесі бойында әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама полицияға 2 наурыз күні келіп түсті.

“Әйелдің жеке басын полиция қызметкерлері анықтады. Қазіргі уақытта өлімнің нақты себебін анықтау үшін дене сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген СҚО ПД хабарламасында.

Shares