Петропавлда шағын футболдан қала әкімінің кубогы өтті
Петропавлда шағын футболдан бастау алған қала әкімінің кубогы өз мәресіне жетті. Турнир “AMANAT” партиясы Солтүстік Қазақстан филиалының қатысуымен “Есірткісіз өмір” ұранымен өткізілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Жарыс 13 турдан тұрды, оның қорытындысы бойынша “Динамо NQDC” командасы бірінші орынды иеленді. Екінші орында – “Есіл”, ал үшінші орын “Namys” командасына бұйырды.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, мықты ұжымдардың басы қосылған турнирде әр қатысушы барын сала көсілді.
“Көп ойыншыға тоқтала кеткім келеді. Олар осы турнир аясында құлшына ойнады, ауқымды командалық жұмыс атқарды. Кейбір матчтар ерекше шиеленісті болды. Алайда, құмарлықтың қарқындылығы мен бәсекелестік рухына қарамастан, қатысушылар ойыннан кейін қол алысып, бір-біріне қолдау сөздерін айтты. Бұл тағы да бірінші нөмірлі спорт адамдарды біріктіретінін көрсетеді”, – деп атап өтті “AMANAT” партиясының СҚОФ атқарушы хатшысы Жеңіс Асанов.