Азия чемпионатында екі күміс медаль бұйырды
Солтүстікқазақстандық спортшылар жүзуден өткен Азия чемпионатында екі күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
26-29 ақпан аралығында Нью-Кларк Ситиде (Филиппин) жүзуден 11-ші Азия чемпионаты өтті. ҚР ұлттық құрамасының сапында екі солтүстікқазақстандық спортшы – Василенко Егор және Лукьянчикова Яна өнер көрсетті.
Василенко Егор (15-17 жас) жас тобында бақ сынады. Ол еркін стильде өткен 4*100 метрлік және 4*200 метрлік эстафетада екі күміс медаль жеңіп алды. Ал Лукьяненко Яна (12-14 жас) жас тобында ел намысын қорғады.
“5 наурызда біздің спортшылар жаттықтырушы маманмен бірге үйге оралды, оларды “Дельфин” БЖСМ қабырғасында туыстары мен жақындары, сондай-ақ жас спортшылар мен “Дельфин” ұжымы салтанатты түрде қарсы алды. Бұл – олимпиадалық марапаттарға жету жолындағы үлкен жеңіс. СҚО спорты үшін үлкен жетістік”, – деп атап өтті СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы.