Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Психикалық ауытқушылығы бар: Петропавлда кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты

Психикалық ауытқушылығы бар: Петропавлда кәмелетке толмаған қызды зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты

Оқиға өткен жылдың 13 шілдесінде орын алды. Күндіз облыс орталығындағы Ойқала шағын ауданында 8 жасар қыз зорланды. Полицейлер жедел іздестіру шарасы барысында бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған 27 жастағы Айыртау ауданының тұрғынын ұстады. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында күдіктіге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Айыпталушы 2004 жылдан бері психикалық ауытқушылықтармен психиатриялық ауруханада есепте тұр. Тергеу барысында анықталғандай, зорлау кезінде қылмыскер не істеп, не қойғанын білмеген. Яғни, өз әрекетіне жауап бермеген. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, прокурор, жәбірленушінің өкілдері және сотталушыны қорғаушылар қылмыстық жауапкершіліктен босатуды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды сұрады.

Бүгін сот үкім шығарды: Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 16-бабының 1-бөлігіне сәйкес «Есі дұрыс емес адам қоғамдық қауіпті іс-әрекет жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды». Сот айыртаулықты осылайша қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Оған медициналық сипаттағы шаралар қолданылды – мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда тұрақты бақылаумен мәжбүрлеп емдеу.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ

Shares