СҚО-лық полиция қызметкері аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатында жеңіске жетті
Облыстық полиция департаменті аппаратының екі қызметкері Алматы қаласында өткен аралас жекпе-жектен Азия чемпиондары болып оралды.
1-3 наурыз аралығында оңтүстік астанада Free Fighting International Federation ММА бойынша Азия чемпионаты өтті. Қазақстандық жауынгерлерден басқа, оған Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның спортшылары қатысты.
Біздің отандастарымыздың қатарында 6 түрден спорт шебері Ибрагим Беков лайықты өнер көрсетті. Ол 71 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды, ал ауыр салмақтағылар арасында Абылайхан Өмірзақ халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды.
Табанды күресте ол 84 келіден жоғары санатта 1-орынға ие болды. Чемпионаттан оралғаннан кейін погондағы спортшылар СҚО ПД басшылығының құқығымен көтермеленді.