Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Қызылжар ауданында малдарға вакцина салынуда

Қызылжар ауданында малдарға вакцина салынуда

Қызылжар ауданында малды көктемгі вакциналау жұмыстары ақпан айында басталды. Шара мамырда аяқталады. Бүгінде Петерфельд ауылдық округінде орналасқан 6 ауылдың 5-де тиісті іс мәресіне жетті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Вишневский” ШҚ-да 50-ден астам мал ұсталады. Кәсіпорын 2011 жылдан бастап мал шаруашылығымен айналысады. Шаруашылықта жылқы, сондай-ақ ірі қара өсіріледі. Қызылжар ауданы Кривозерке ауылында орналасқан шаруа қожалығы ветеринариялық қауіпсіздік шараларына мұқият қарайды.

“Ауыл шаруашылығы жануарлары жылдың кез-келген мерзімінде ветеринариялық өңдеуден өткізіледі. Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясында өте жақсы мамандар еңбек етеді, оларға алғысымды білдіргім келеді. Олар тұрақты негізде сынама алады, ветеринарлық әл-ауқатқа қарайды, әрқашан бақылайды. Ветеринарлық қызметтің арқасында біздегі сиырлардың барлығы бұзаулайды. Шығын жоқ”, – деді Қызылжар ауданындағы “Вишневский” ШҚ басшысы Алексей Вишневский.

Петерфельд ауылдық округінің ветеринарлық дәрігерлері бруцеллез және туберкулезге талдау жүргізу үшін шаруашылықтың аналық малынан қан алды.

“Қан алғаннан кейін үш күндесін бруцеллезге жасалған талдау нәтижелері белгілі болады, біз туберкулинге аллергиялық реакцияны тексереміз, сондай – ақ сібір жарасына қарсы вакцина саламыз”, – деді Петерфельд ауылдық округінің ветеринар дәрігері Әлібек Қанафин.

Қызылжар ауданының ветеринариялық станциясының директоры Ербол Бәгенов бүгінгі таңда 8400 бас ІҚМ бруцеллезге, сондай-ақ туберкулезге тексерілгенін атап өтті.

“10200 бас ұсақ мал зерттелді, сондай-ақ аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинацияланды. Сібір жарасына, аусылға және басқа ауруларға, құс тұмауына қарсы дегендей. Облыстық зертхананың деректері бойынша, 8400 бастың тек 5 басы ауру екенін анықталды. Бұл Асанов ауылдық округінде орналасқан Плоское ауылы болды. Заңнамаға сәйкес, бұл 5 бас оқшауланып, союға жіберілді. Қазір ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуде: дезинфекция, тазалау”, – деді Ербол Бәгенов.

Аудандық ветеринариялық станция биыл құс тұмауына қарсы вакцинаның 240 мың дозасын алды, жартысынан азы қолданылған. Алғашқылардың қатарында Қызылжар ауданының аумағында орналасқан құс фабрикалары тұр. Жеке қосалқы шаруашылықтарда осындай жұмыстарды жүргізу үшін 17 мың доза бөлінді.

 

Shares