Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Темір тұлпар тізгініндегі азаматша электр самокат жүргізушісін соқты

Темір тұлпар тізгініндегі азаматша электр самокат жүргізушісін соқты

Оқиға 10 тамыз күні 14:10 шамасында Әуезов-Брусиловский көшелерінің қиылысында болды. «Toyota RAV4» жүргізушісі 15 жастағы электр самокат жүргізушісін қағып кетті, деп хабарлайды QZ Media

тілшісі Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеруден өтіп, диагноз қойылған соң, үйіне жіберілді.

Жүргізушіге де медициналық тексеруден өту жүктелді. Алдын ала болжам бойынша жүргізуші ішімдік ішпеген. Көлік арнайы тұраққа қойылды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материалдар қосымша тергеп-тексеру және түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау үшін қалалық басқарманың әкімшілік полиция бөліміне берілді.

Shares