Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл жолдары: жөндеуге дейін және кейін

Петропавл жолдары: жөндеуге дейін және кейін

2023 жылы Петропавлда жол жөндеу жұмыстарына 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қалада жол жөндеуге мұндай қомақты қаржы бұрын-соңды бөлінбеген. 2018 жылдан бері облыс орталығының жолдарына 40 миллионның маңайында қаржы бағытталыпты. Қала тұрғындары «жаңа» жолдарды қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Жөндеу жұмыстары басталғанға дейін асфальт тозған күйде болды. Шаруа басталғасын адам танымастай өзгеріс орын алды. 2023 жылы жөндеу жұмыстары Петропавлдың 30-ға жуық көшесін қамтыды, жартысынан астамы аяқталды, кейбір жобалар – өтпелі.

Облыс орталығының тұрғындары жолдардың сапасына баға беріп, әлеуметтік желіде өз пікірлерімен бөлісіп үлгерді.

– Жолдар жақсы жөнделіп жатыр, бірақ түнде жөндегендері дұрыс еді. Әйтпесе кейбір учаскелерді жауып, жүргізушілер үшін қолайсыздықтар туғызуда.

– Жөндеу сезіледі, әрине, бұрынғыдан әлде-қайда жақсы.

– Осы қарқыннан тайынбаңыздар, жарайсыңдар.

Асфальт сапалы болу керек. Ол үшін Жол активтерінің сапасы жөніндегі ұлттық орталық барлық қажетті тексерулерді жүргізеді. Бірінші қадам – қоспаның сапасын бақылау. Мұнда ешқандай бұзушылық анықталған. Кейін сынама алынады. Ол судың қанықтылығы мен тығыздалуының екі көрсеткіші бойынша тексеріледі. Біреуін тексеруге кемінде бір апта кетеді.

Осыдан кейін тапсырыс беруші қорытынды алады, бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды өз есебінен жояды.  Айта кетерлік жайт, ескі асфальт далада қалмайды. Ол өзге жолдарға төселеді.

Shares