Абай Құнанбаев: Петропавлда ұлы ақын және философтың есімі мәңгі сақталған
Қазақстанда 10 тамыз ресми түрде қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай күні болып белгіленді. Биыл оның туғанына 178 жыл толып отыр. QZ Media тілшісі ұлы ақынның өмірі мен мұрасы туралы әңгімелейді.
Тамыздың 10-ы жайдан-жай таңдалмаған. 1845 жылдың дәл осы күні тамаша ақын, композитор және ағартушы Абай Құнанбаев дүниеге келді. Ол ақсүйектер отбасында өсті. Бала күнінде орыс мектебі мен Семей медресесінде білім алды. Бірінші сыныпта оқып жүргенде оның бойында әдебиетке деген сүйіспеншілік пайда бола бастады. Оны әжесі Зере тәрбиелеп, шын аты Ибраһим болса да, немересін Абай атады.
Әкесі Абайды 13 жасында отағасының міндетіне дағдыландыра бастайды. Бірақ 28 жасында Абай мұны тоқтатып, барлық бос уақытын шығармашылыққа арнады. Ол 40 жасында ғана өзінің алғашқы байыпты өлеңдері мен поэмаларын жаза бастады. Ақын барлығы 170-тен астам өлең жазды. Абай орыс және Еуропа ақындарының шығармаларын аударумен де айналысты, осылайша өз халқын шетелдіктердің мұрасымен таныстырды.
Абай Құнанбаевтың мұрасы әлі күнге дейін сақталған. Бүгінде мектептерге оның есімі беріліп, ескерткіштер орнатылуда, ұлы ақынның шығармалары мектептерде, жоғары оқу орындарында зерттелуде және т.б.
Петропавлда Абай атындағы көше бар. 2020 жылы Петропавлда Абай мен Әуезов көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйдің қабырғасында Абайдың алып муралы пайда болды. Мұндай панель алғаш рет керамикалық мозаикадан жиналды.
Сонымен қатар, сонау 2006 жылы Ресейде Абай жылы және Қазақстанда Пушкин жылы деп жарияланды. Қазақстан Конституциясы көшесінде, облыс әкімдігіне қарама-қарсы жерде «Абай және Пушкин» ескерткіші бой көтерді. Композиция екі халықтың достығын бейнелейді.
Солтүстік Қазақстан жастары ұлы ақынның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін ұмытпайды. Бүгін жастар ресурстық орталығының қолдауымен Абай-Әуезов көшелерінің қиылысындағы панно жанында флешмоб өтті. Оған 35 адам қатысты. Қолдарына Абай кітаптарын ұстаған қатысушылар ақынның өлеңдерін оқыды. Осыдан кейін Абай мен Пушкин ескерткішінде тағы бір акция өтті. Онда жастар Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады. Мұндай шаралар ақын мұрасының өте ұзақ сақталатынын тағы бір растайды.