Петропавловск
+21°C
Главная страница » Туризм » Меңкесер көлінің ғажайып лай балшығы

Меңкесер көлінің ғажайып лай балшығы

Солтүстікқазақстандықтар мен туристер баратын өңіріміздегі орындардың бірі – Мамлют ауданындағы Меңкесер көлі. Бұл белсенді бальнеологиялық әсер ететін сульфидті лайдың жеткілікті шөгінділері бар бірегей орын. Халық арасында «жабайы» емдеудің дамуы, дейді QZ Media тілшісі.

Су қоймасы облыс орталығынан бір сағаттық жерде орналасқан. Айдынның емдік қасиеттері туралы аңыздар да бар. Ғалымдардың айтуынша, оның құрамы Өлі теңізге ұқсас. Тереңдігі шамамен 60 сантиметрді құрайды. Лай балшықпен қатар су да көптеген тері ауруларын емдейді, псориаздың ағымын жеңілдетеді, зат алмасуды жақсартады, теріні сау және әдемілей түседі.

Қолжеткізудің қиындығына қарамастан, саяхатшылар бұл жерге емдік суына түсіп, денеге балшығын жағу үшін арнайы келеді. Бұл тірек-қимыл аппаратының ауруларына, гинекологиялық және жүйке ауруларына көмектеседі.

Көл түбіндегі күкіртті сутекті балшықтың құрамында газдар мен органикалық заттар болғандықтан, ол тек емдік әсер етіп қана қоймай, ағзаның қорғаныш қызметін арттырып, иммунитетті күшейтеді. Бұл ретте дәрігерлер ағзаға зиян келтірмеу үшін тұзды суда 30 минуттан артық болмау қажеттігін айтады.

Демалушылардың жайлы демалуы үшін мұнда “Меңгесер” ЖК демалыс базасын салған. Аумақта жазғы дәмхана жұмыс істейді. Электр жарығы тартылған, ауыз су қолжетімді. Душ, дәретханалар, киіз үйлер мен ойын алаңы бар. Уақытша пайдалану үшін туристерге барбекю мен шатыр да ұсынылады.

Қорытындылай келе: Меңкесер көлі – отбасымен немесе достарымен демалуға арналған тамаша орын. Мұнда әркім өзіне ұнайтын нәрсені табады

Shares