Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » Семинар-кеңеске аграрлық саланың 100-ден астам өкілі қатысты

Семинар-кеңеске аграрлық саланың 100-ден астам өкілі қатысты

Петропавлда “2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі” семинар-кеңес өтті. Оған облыстың әр түрлі аудандарынан келген аграрлық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ арнайы шақырылған сарапшылар қатысты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Семинарға қатысушылар алдында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сөз сөйлеп, егіс науқанының сәтті өтуін тіледі. Ол аграрлық саладағы жетістіктерге қарамастан, ауыл шаруашылығы құрылымдарының қызметкерлеріне әрқашан ұмтылатын нәрсе бар екенін атап өтті.

“Қолданылатын агротехнологиялардың мүмкіндігі аз, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартудың төмен қарқыны байқалады. Минералды тыңайтқыштарды көп қолданбау – тағы бір мәселе. Бүгінгі таңда тек 679 мың тонна немесе қажеттіліктің 21%-ы енгізілуде. Агрохимиялық қызметтің жұмысына сәйкес республика бойынша жалпы 3,2 млн тонна қажеттілік бар. Ұсынылған ауыспалы егіс сақталмайды, себілетін тұқымдардың сапасыздығы байқалады. Салыстыру үшін айтсақ, республикада отандық тұқымдардың үлесі 0,8% алады. Көрші елдерде 1,5%. Тұқым бойынша импортқа тәуелділік жоғары”, – деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Облыста биылғы жылы дәнді дақылдар 3 млн гектардан астам алқапта орналасады, майлы дақылдарға 751 мың гектар бөлу жоспарлануда, жемшөпке 379 мың гектар жер беріледі. Алдағы көктемгі науқан кезінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарақұмық пен картоп алаңы кеңейеді.

“Ағымдағы жылы облыста егістік алқабы 4,9 млн гектар болады, бұл өткен жылдың деңгейінен 28 мың гектарға артық. Ал облыс бойынша егістік топырақ бонитетінің орташа балы 46,5 құрайды. Өткен жыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қиын болды, бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, еңбеккерлеріміздің кәсібилігінің арқасында біз лайықты өнім жинадық”, – деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Тұқымның сапалы сорттарын пайдаланбай лайықты өнім алу өте қиын, дейді Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының басқарма төрағасы Тимур Савин. Семинарда сарапшы аграршыларға Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы егістіктерде өзінің тиімділігін көрсеткен “Таймас” атты бидайдың жаңа сорты туралы айтып берді.

“Бұл – жұмсақ бидай, құрғақшылыққа өте төзімді, дәнді дақылдар бойынша жоғары сапалы саналады. Сынақтар кезінде өзін жақсы қырынан көрсетті, жақсы өнімділік алған шаруашылықтар бар”, – деді “А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы” ЖШС басқарма төрағасы Тимур Савин.

Семинар-кеңес аясында егіс науқаны кезінде аграрлық сала қызметкерлері үшін пайдалы болуы мүмкін тауарлардың көрмесі де ұйымдастырылды.

Shares