Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да аты шулы шенеунік жаза арқалауы мүмкін

СҚО-да аты шулы шенеунік жаза арқалауы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында аудандық білім бөлімінің экс-басшысы Сара Рамазанова қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді, деп хабарлайды QZ MEDIA.

Ол 650 мың теңге беріп, мемлекеттік аудит қызметкерлерімен мәселені шешпек болған. Тергеу кезінде қомақты қаржының мемлекеттік бюджеттен ұрланғаны анықталыпты.

Сонымен қатар, ол жеке кәсіпкермен сөз байласып, қазынаға 7 млн теңге залал келтірген. Экс-басшы 7 бірдей мектептің жөнделуі тиіс өртке қарсы дабыл жүйесін жөндемей, жұмысты орындалмаған күйінде қабылдаған.

«Рамазанованың кінәсін сот анықтайды. Конституция мен Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, тұлғаның кінәсі анықталмайынша, әрбір адам кінәсіз болып саналады», – деді Сергей Перов.

Shares