Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлдағы СОСО-да “Весенний вернисаж” көрмесі ашылды

Петропавлдағы СОСО-да “Весенний вернисаж” көрмесі ашылды

“Dostyq mall” сауда-ойын-сауық орталығының бірінші қабатында “Весенний вернисаж” кескіндеме көрмесі ашылды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Весенний вернисаж” – бұл балалар жұмысының көрмесі ғана емес. Бұл – қағазға түсірілген көктем мерекесі. Мұнда әркім шабыт пен қуаныштың бір бөлігін таба алады, жылдың осы тамаша уақытына тән жаңару мен қайта туылу сиқырын сезінеді.

Көрмеде Е. Серкебаев атындағы өнер колледжінің-өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары мен студенттері өз жұмыстарын ұсынды. Шараға 31 жұмыс қойылды.

“Әркім өз жұмысында тақырыпқа деген көзқарасын көрсетті. Барлық сурет көктем мезгіліне қатысты. Біз оны қатты күттік. Біздің көрме қала тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлағанын қалаймын”,- деді
Е. Серкебаев атындағы өнер колледжінің-өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты директорының орынбасары.

Кескіндеме көрмесі 4 сәуірге дейін жалғасады.

Shares