Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Қоғам белсенділерін оқушыларды еңбекке баулу мәселесі алаңдатып отыр

Қоғам белсенділерін оқушыларды еңбекке баулу мәселесі алаңдатып отыр

Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында өңірдегі мектеп оқушыларын еңбек баулу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қазіргі таңда кадр тапшылығы көптеген сала үшін өзекті мәселе болып табылады. Бүгінде жоғары білікті мамандар да, орта буын жұмысшылары да тапшы. «Радуга» ЖШС бұл мәселені өздігінше шешуде. Осы күні компания жұмысшыларды іздеумен емес, дайындаумен айналысады.

«Мектеп-колледждің құрылғанына үш жыл болды. Колледж бөлімшесінде «Радуга» ЖШС өзіне қажетті мамандарды дайындайды. «Радуга» ЖШС сауатты мамандарға қызығушылық танытып отыр, сондықтан мектептердегі еңбек баулы мәселесі бізге аса маңызды», – дейді Солтүстік Қазақстан облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Петр Шарапаев.

Қоғамдық кеңесте С. Садуақасұлы атындағы №2 орта мектептің 10-сынып оқушысы Кирилл Прасолов баяндама жасады. Ол оқушылардың ынтасын арттыру керек деп есептейді, сонда жастар жұмысқа оңай үйренеді.

«Балалардың көп жұмыс істеуі үшін оларды ынталандырып, еңбек процесіне тарту керек деп есептеймін. Олар мәжбүрлі түрде емес, өз қалаулары бойынша еңбек етулері қажет. Сондықтан, біз мектептегі дәстүрлерді сақтаймыз. Сыныптарда кезекшілік әлі бар. Сондай-ақ, мектеп бойынша сыныптық кезекшілік атқарамыз. Біз, Мектеп Парламентінің мүшелері, мектепте көптеген іс-шаралар өткіземіз, түрлі флешмобтарға, қайырымдылық акцияларына қатысып, мектеп аумағын абаттандырудамыз. Жәрмеңкеден жиналған ақшаны үйсіз жануарларға күтім жасаумен айналысатын ұйымдарға жібереміз. Жылдың соңында жұмсалған қаржы өзімізге сыйақы ретінде қайтарылады», – деді Кирилл Прасолов.

Отырыс қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес мүшелері мектепаралық оқу-өндірістік орталықтарды қалпына келтіру мәселесін қайта қарауды, «Радуга» ЖШС-нің жас мамандарды даярлаудағы тәжірибесін зерделеуді, сондай-ақ оқу-ағарту министрі мен парламент депутаттарының атына мектеп оқушыларына білім беру стандарттарына өзгерістер енгізу туралы үндеу жолдауды ұсынды.

Shares