Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Сауалнама: Петропавлдағы ең әдемі көше қайсы?

Сауалнама: Петропавлдағы ең әдемі көше қайсы?

Петропавл – бір келген адамды өзіне ынтық қылатын қала. Қалада жайлы және кең көшелер мен үлкенді-кішілі саябақтар аз емес. Субұрқақтар мен гүлзарлары бар жаяу жүргіншілер көшесі де көпшіліктің көңілін аудартады.

QZ media сіздерге қаладағы ең керемет көшені бірге таңдауды ұсынады. Ол көше ыңғайлы, әдемі болуы тиіс. Сондай-ақ жолдары тегіс болуы керек. Өйткені онда әлеуметтік маңызы бар нысандар шоғырланған.

 

  1. Жамбыл Жабаев көшесі. Бұл көше Конституция көшесімен қиылысады. Ол көше бойында: ескі мешіт, католиктер шіркеуі, Қарасай стадионы, Оқушылар сарайы, Теннис корты, жаңа қазақ театры орналасқан. Бұл көше қаланың негізгі кіреберісі болып саналады.

  1. Мағжан Жұмабаев көшесі. Біздің жерлесіміздің құрметіне берілген. Публицист, ұстаз “Алаш” партиясын құруға қатысты. Әйгілі педагог атындағы көшеде «Бэст» гимназиясы, жаңа «Достық» сауда орталығы, Қозыбаев университетінің ғимараттары орналасқан.

  1. Александр Пушкин көшесі. Орыс әдебиеті классигінің құрметіне берілген. Бұл көшемен Н.Погодин атындағы орыс драма театрына, облыстық ауруханаға баруға болады. Сондай-ақ, көше бойында жергілікті білім ордасы – Қозыбаев университеті орналасқан. Көшедегі жасыл желек көңілге қуаныш сыйлайды. Қаладағы ең үлкен көшелердің бірі емес, десе де серуендеуге өте ыңғайлы.

  1. Нұрсұлтан Назарбаев көшесі. Бұрынғы Мир көшесі. Қаладағы ең ұзын көшелердің бірі. Мұнда «Қызылжар» орталық мешіті, ЦУМ, №8 мектеп, «Magnum» супермаркеті орналасқан.

  1. Интернационал көшесі. «Солтүстік Қазақстан облысының рестораторлар мен қонақүйшілер қауымдастығының» төрағасы Сайран Хамзин атап өткендей, Интернационал көшесінің ұзындығы 4000 метрге жуықтайды. Оны 12 негізгі және 13 қиылыссыз көше кесіп өтеді. Көшеде 16 дәмхана мен мейрамхана бар.

 

Shares