Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында 23 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды

Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында 23 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды

Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, сондай-ақ 13 аудандық және қалалық бөлімдердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелері бойынша 23 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Пайдаланылмай жатқан жер учаскесін қайтару немесе алып қою тәртібінің реттелмеуі кәсіпкерлерді тең емес жағдайға душар етті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті мамандары жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының кәсіпкерлерден жер телімін заңсыз тартып алу схемасын анықтады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуының нәтижесінде одан мәжбүрлеп алып қойылған жер телімі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге қайтарылды.

Бүгінгі таңда шаруалардың өзекті мәселелерінің бірі – мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізу. Биылғы жылдың басынан бері «Қолдау» ақпараттық жүйесі «Бірыңғай мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесі» платформасына ауыстырылды. Бөлім gosagro.kz жүйесінің жұмысына мониторинг жүргізіп, бірқатар жүйелік олқылықтар мен кемшіліктерді анықтады:

– жүйені ақпараттық сүйемелдеудің және кері байланыстың болмауы

– «Қолдау» БЖ мен интеграцияның болмауы есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді екі есе субсидиялау тәуекелі анықталды

– әзірленген алгоритмдердің өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға қолданыстағы ережелеріне қайшы келуі

– белгіленген нормативтерге сәйкес субсидиялар сомасын автоматты есептеудің болмауы

Мамандар есептеулерді қолмен жүргізеді, сондықтан қасақана немесе кездейсоқ есептеу жағдайлары жоққа шығарылмайды.

 

Shares