Айыртау ауданында сегіз бірдей баласымен әйел адам уланып қалды
25 сәуір күні сағат 10:10-да 112 телефон нөміріне СҚО Айыртау ауданы Антоновка ауылында бір отбасы мүшелері жеке үйде улы газға уланып, аудандық ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Бұл – 1990 жылы туған әйел және оның 8 кәмелетке толмаған баласы: 2009 жылы, 2011 жылы, 2012 жылы, 2015 жылы, 2012 жылы, 2017 жылы және 2018 жылы туған. Алдын ала болжам бойынша, олардың барлығы қатты отын жанатын пешті пайдалану ережелерін бұзу – пештің тартпасын мерзімінен бұрын жабу салдарынан уланған. Отбасы 23 сәуір күні үйлерін жөндеуге байланысты төтенше жағдай болған үйге уақытша көшкен. Негізгі мекенжай бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөніндегі жадынамаларды барып және тапсыра отырып, аулаларды аралау 2023 жылдың қыркүйегінде жүргізілді. 23 қаңтарда бұл үйде аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері дабыл датчигін орнатты. Осы отбасы мүшелерімен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді”, – делінген СҚО ТЖД хабарламасында.
Уланудың және адам өлімінің алдын алу мақсатында СҚО ТЖ департаменті тұрғындарға үйлерінің, пәтерлерінің өртке қарсы жай-күйін тексеруді, пешке және электр сымдары мен электр аспаптарының жарамдылығына ерекше назар аударуды ұсынады. Егер қандай да бір кемшіліктер табылса, оларды дереу жою керек. Ал өрт орын алса, дереу 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалыңыз.