СҚО-да егістік күні: облыс диқандары астық жинауға кірісті
Солтүстікқазақстандық диқандар орақ науқанына кірісті. Бүгін Тайынша ауданындағы «Астық Стем» ЖШС-нің егіс алқабында облыс пен көршілес өңірлерден келген 300-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бас қосты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Дәстүр бойынша астық жинау науқаны басталар алдында аграрийлер бас қосып, алдағы егін науқанының бірқатар мәселелерін талқылайды. Биылғы жылы жалпы егістік көлемі 4,5 миллион гектарды құрады. Ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз ету үшін қарақұмық алқабы 2,5 есеге, картоп 1,5 есеге ұлғайтылды.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Солтүстікқазақстандық диқандар топырақ құнарлығын арттыру мақсатында 2,3 миллион гектарға жуық аумаққа 174,5 мың тонна минералды тыңайтқыш септі. Өнімділік орташа деңгейде болады деп күтілуде.