Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алдымен арақ, енді темекі

Алдымен арақ, енді темекі

Петропавл полицейлері контрабандалық заттарды сақтау фактілерін анықтауды жалғастыруда. Бұл жолы тәртіп сақшылары 3 миллион теңгеден астам акцизсіз темекі тәркіледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі СҚО ДП сілтеме жасап.

Экстремизмге қарсы күрес департаментінің қызметкерлері акцизделмеген алкоголь және темекі саудаланып келген 2 сауда орнын анықтады. Ол жерден 285 литр құрамында спирті бар сұйықтық пен 1805 қорап түрлі атаудағы темекі тәркіленді. Кейін бұл сауда орындарының қоймасы тексерілді. Нәтижесінде одан да көп заңсыз зат табылды. Тәркіленген дүниенің жалпы көлемі 285 литр алкоголь және 9 716 қорап темекі өнімін құрады. Аталған фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша материал жиналды.

«Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері мас күйінде жасалған 329 қылмыс пен құқық бұзушылық тіркелді. Мұндай фактілерді анықтау бойынша полицияның күнделікті жұмысы жалғасуда»,- деп толықтырды тәртіп сақшылары.

 

Shares