Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлдық «Экспромт» халық би театры Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама жеңіп алды

Петропавлдық «Экспромт» халық би театры Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама жеңіп алды

Қалалық мәдениет үйінің «Экспромт» халық би театры «TURKESTAN MUSIC FESTIVAL» халықаралық байқау-фестивалінде үздіктер қатарынан көрінді. Жеңімпаздарды жерлестеріміз Петропавлда салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Петропавлдық би тобы 52 ансамбльмен жүлделі орындарды сарапқа салды. Жарысқа барлығы 1000-нан астам адам қатысты.

«Байқауда СҚО-ның атынан жалғыз біз өнер көрсеттік. Қырғызстаннан келген қатысушылар да бақ сынады. Тек 5 команда бас жүлде атағын алды, оның ішінде «Экспромт» та бар. Біз бас жүлдені эстрадалық билеріміздің бірі үшін алдық. Балалар жалпы 4 номинация бойынша қатысты. Балалар биі мен эстрадалық биде 1-дәрежелі лауреат атандық, ал заманауи хореографияда 2-дәрежелі лауреат атана алдық», – деді «Экспромт» халық би театрының жетекшісі Алена Маринец.

Жас жұлдыздар медаль, кубок және дипломдардан бөлек, биылғы жылдың желтоқсан айында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін жарысқа қатысу үшін тегін сертификатқа ие болды.

Shares