Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО егіс науқанына дайын

СҚО егіс науқанына дайын

Ғауез Нұрмұхамбетов Премьер-Министрге өңірдің егіс науқанына толық дайын екендігін айтты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 4,5 млн га алқапқа егін егу жоспарда бар. Оның ішінде 3,4 млн га дәнді дақылдарға, 751 мың га майлы дақылдарға және 379 мың га мал азықтық дақылдарға бөлінеді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін СҚО шаруалары қарақұмық алқабын 26 мың гектарға дейін, жасымық алқабын 133,9 мың гектарға дейін ұлғайтады. Картоп егуге 26 мың га жер бөлінеді.

Техника 100% дайын. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының алқаптарына барлығы 12,7 мың трактор, 14 мың бірлік астық сепкіш және 1,4 мың егіс кешені тартылады. Осы жылы өңір шаруалары 14 млрд теңгеге 525 техника мен құрал сатып алып, автопаркті жаңартты.

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға 62 млрд теңге, оның ішінде «Кең Дала» бағдарламасы бойынша – 22 млрд теңге, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша – 14 млрд теңге, «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша – 26 млрд теңге қарастырылған.

Үкіметтің шешімі бойынша облыс шаруаларын қолдауға қосымша 84 млрд теңге бөлінді. Фермерлерге «Кең Дала – 2» бағдарламасы бойынша, 5% пайыздық мөлшерлемемен және «Даму» қорының кепілдігімен несие беріледі.

СҚО әкімі Премьер-Министрге Мемлекет басшысының сапалы тыңайтқыштар өндіру және енгізу есебінен өнімділікті арттыру бойынша алға қойған міндеттерін орындау барысы туралы баяндады. Биыл облыс шаруалары топыраққа 256 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізуді жоспарлап отыр, бұл 2023 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 65,8 мың тоннаға артық. Бүгінгі таңда 246,2 мың тонна тыңайтқышқа шарттар жасалып, 204,6 мың тоннасы тиеп-жөнелтілді.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңірде егіс науқанын уақытылы әрі сапалы жүргізу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Shares