Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Учаске» ЖПШ: полиция қызметкерлері көшеге шықты

«Учаске» ЖПШ: полиция қызметкерлері көшеге шықты

Полиция қызметкерлері 14-ші тамыздан бастап «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы аясында жұмысқа кірісті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерін бұзу фактілерін анықтау – жедел-профилактикалық шараның негізгі мақсаты. Шараға учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, көші-қон қызметінің қызметкерлері, патрульдік және ювеналдық полиция қызметкерлері – барлық қызметтер мен бөлімшелер жұмылдырылған.

«Мобильді топтар әкімшілік аудандарды тексереді; үйлерді және пәтерлерді аралау жүргізіледі. Мұнда тек шетел азаматтары ғана емес, бұрын сотталғандар мен полицияның түрлі есебінде тұрғандарға да назар аударылады. Сонымен қатар, азаматтық қару иелерін тексеру, жасөспірімдер арасындағы және тұрмысы нашар отбасылардағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында рейдтер күшейтілді», – деді СҚП ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Жыл басынан бері облыс бойынша учаскелік полиция инспекторлары 148 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберген. Бірден 438 құқық бұзушыға қайталанатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болдырмау мақсатында алкогольдік ішімдіктерді тұтынуды уақытша тыйым салуды және бірқатар басқа да шектеулерді көздейтін арнайы талаптар қойылды.

«Сонымен қатар, полицияның өтініші бойынша сот органдары 29 адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынан айырды. Бұл тәртіп бұзушылар бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды. 30 қыркүйекке дейін жалғасатын «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында осының барлығы және қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған басқа да жұмыстар күшейтілетін болады», – деп толықтырды ведомство.

 

 

 

 

Shares