Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлда 63 жастағы азамат ЖКО орнынан жедел жәрдеммен жеткізілді

Петропавлда 63 жастағы азамат ЖКО орнынан жедел жәрдеммен жеткізілді

13 мамыр күні сағат 8:15-те “102” пультіне Астана көшесінде “Kia Sportage” және “Hyundai Solaris” автокөліктерінің соқтығысқаны туралы ақпар келіп түсті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Алдын ала дерекке сүйенсек, 63 жастағы “Kia Sportage” жүргізушісі қарама-қарсы бағытта келе жатқан “Hyundai Solaris” маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берген. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде 63 жастағы “Kia Sportage” жүргізушісі жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды. 38 жастағы “Hyundai Solaris” жүргізушісі де медициналық көмекке жүгінді”, – делінген СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

ЖКО фактісі бойынша жиналған материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Петропавл қ. ПБ әкімшілік полиция бөліміне берілді.

Shares