Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының сахнасында “Жұмағым” спектаклінің тұсаукесері өтті

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының сахнасында “Жұмағым” спектаклінің тұсаукесері өтті

С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының сахнасында “Жұмағым” спектаклінің тұсаукесері өтті. Драмалық қойылымның негізі грузин авторы Шадиман Шаманадзенің “Маленькая квартира с большой лоджией” пьесасы болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Спектакльдің режиссері – Барзу Абдураззаков. Қойылымда 7 актер ойнайды.

“Бұл спектакльдің ерекшелігі – кеңестік кезеңнің 80-ші жылдары. Қалада тұратын сол кездегі отбасының өмірі сипатталады. Актерлер қарбалас өмірден шаршаған адамдарды көрсетеді. Біз балалары бар жанұяны және ішетін ер адамды ұсынамыз. Отбасы ошақ иесінің күші мен даналығының арқасында аман қалды”, – деді С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының бөлім меңгерушісі Олжас Зейнолла.

Сахна саңлақтары премьераға бір ай дайындалды.

Shares