Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » СҚО әкімі атақты «Sensitive» би ансамбліне құрмет көрсетті

СҚО әкімі атақты «Sensitive» би ансамбліне құрмет көрсетті

«Sensitive» би ансамбліне құрмет көрсетілді. Жақында би тобы Франция көрермендерін тәнті етіп, беделді халықаралық фестивальде қос бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Осылайша, олар өздерінің кәсіби шеберлігі мен жеңіске деген құлшынысын тағы бір дәлелдеді. Ансамбльдің қоржынында қазірдің өзінде 17 Гран-при және 37 бірінші орын бар.

Сондай-ақ, күні кеше Астанада театр әртістері алғаш рет би спектаклін ұсынды, көрермендердің арасында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, депутаттар және жұртшылық болды.

“Би тобының жетістіктері – орасан зор ерік-жігер мен күнделікті тынымсыз еңбектің жемісі. Осы орайда, 17 жыл бұрын осы ұжымды құрған Ольга Ростовщикованың қажырлы еңбегін айтып кеткен жөн. Ансамбль ұжымын Құрмет грамоталары және алғыс хаттармен марапаттап, жаңа жеңістер мен шығармашылық табыстар тіледім”, – деп жазды әлеуметтік желіде СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Shares