Петропавловск
+21°C
Главная страница » Агро » СҚО-да 256 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізілед

СҚО-да 256 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізілед

Астықтың шығымын арттыру және топырақ құнарлығын сақтау мақсатында 2024 жылы облыс аумағында шамамен 3 млн гектар алқапқа 256 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштар енгізіледі, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бүгінде шамамен 700 мың гектар жер 50 мың тоннаға жуық пайдалы минералдармен және микроэлементтермен қоректендірілді. Жалпы, 256 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыштарды сатып алу жөнінде келісім жасалған. Оның негізгі бөлігі үшін төлем жасалып, тұтынушыларға жөнелтілді.

«Субсидия алу үшін Gosagro.kz порталына тіркелу қажет. Одан әрі қызмет алушы сатып алынған тыңайтқыштарды толық құны бойынша субсидиялауға өтінім береді. Бұл «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына» сәйкес жүзеге асады. Барлығы жылдам жасалады. Біле жүрген маңызды, қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні», – деді СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Тыңайтқыштардың құнын субсидиялау жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру үшін биыл облысымызға 7,3 миллион теңге бөлінді. Аққайыңдар өлкесіне тыңайтқыштар алыс-жақын шетелдерден әкелінеді. Сонымен қатар, шаруалар отандық тауар өндірушілермен жұмыс істейді. Субсидияны алдын ала төлеумен қатар, бөліп төлеу бойынша да шарттар қарастырылған.

Shares