Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Петропавлдағы жеке үйде газ баллоны жарылды

Петропавлдағы жеке үйде газ баллоны жарылды

22 мамыр күні сағат 11-33-те Петропавлдағы 1-ші Дзержинский өткелі бойында орналасқан 16-шы жеке тұрғын үйде өрт болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Өрт сөндіру қызметінің өкілдері келген кезде үй толығымен жанып жатқан. Өкінішке қарай, мамандар келгенше газ баллоны жарылған. Оқиға орнында жеке құрамның 22 қызметкері және өрт сөндіру қызметінің 5 техникасы жұмыс істеуде.

Shares