Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » Петропавлдық жастар Виктор Цойды еске алып, концерт өткізді

Петропавлдық жастар Виктор Цойды еске алып, концерт өткізді

Достық үйінің алдындағы алаңда Виктор Цойды еске алуға арналған концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

1990 жылы 15 тамызда Виктор Цой 28 жасында қайтыс болды. “Кино” тобының белді мүшесі көлік апатынан қаза тапты. Виктор Цойдың таланты оның көптеген авторлық хит әндерінен және оларды орындауы кезінде айқын көрінді. «Звезда по имени Солнце», «Группа крови», «Пачка сигарет»,  «Кукушка» және басқа да әндер халық арасында әлі де танымал. Бұл әндер бүгінде де тоқтаусыз  шырқалуда.

Петропавл жастары «Кино» тобының үздігіне арнап еске алу кешін өткізді. Қаланың жас өнерпаздары әншінің шығармашылығынан өздерінің сүйікті әндерін орындады. Петропавлдықтар да таланттарға қосыла өздерінің сүйікті әндерін шырқады.

 

Shares