Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » 2 адам ажал құшты

2 адам ажал құшты

17 тамыз сағат 21:45 шамасында «Астана – Петропавл» автожолының 431 шақырымында СҚО Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылының маңында «Toyota Hiace» автомашинасы мен жартылай тіркемесі бар «MAN» жүк көлігі соқтығысып қалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Соқтығысу нәтижесінде екі автокөлік те жанып кетті. Тойотаның 52 жастағы жүргізушісі мен оның 54 жастағы жолаушысы жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды.

Ал жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды; оқиға орны мен көліктер мұқият тексеріліп, барлық мән-жайды зерделеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

 

 

Shares