Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Жылыту маусымына аз уақыт қалды

Жылыту маусымына аз уақыт қалды

Облыс әкімінің жетекшілігімен аппараттық кеңес өтіп, онда жылыту маусымына дайындық мәселесі талқыланды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына аудан және Петропавл қаласының әкімдерімен бірлесіп, 1 қыркүйекке дейін әлеуметтік нысандар мен бюджеттік ұйымдарды жылыту маусымына дайындауды тапсырды. Сондай-ақ 15 қыркүйекке дейін жылумен қамтамасыз ету көздері мен орталық қазандықтарды дайындау тапсырылды.

Shares