Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Үй жануарларын серуендету тәртібін бұзғаны үшін бір күнде 31 солтүстікқазақстандыққа ескерту жасалып, 4 адамға айыппұл салынды

Үй жануарларын серуендету тәртібін бұзғаны үшін бір күнде 31 солтүстікқазақстандыққа ескерту жасалып, 4 адамға айыппұл салынды

Қалалық полиция басқармасы қызметкерлері иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету, сондай-ақ, тазалық пен абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Саябақтарда, алаңдарда, көшелерде учаскелік инспекторлар үй жануарларының иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заң бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің барын еске салады. Бұл – тұмылдырық қолданбау, иттерді қарғыбаусыз серуендету. Мұндай жағдайларда тәртіп сақшылары 10 АЕК көлемінде айыппұл салады. Жыл басынан бері облыс орталығында осындай заңбұзушылыққа жол берген 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Мұндай жұмыстар күн сайын жүргізіледі. Ең алдымен, көпқабатты және жеке секторда тұратын үй жануарларының иелерімен профилактикалық әңгімелесу ұйымдастырылады. Учаскелік инспекторлар үй жануарларының иелерімен кездескен кезде үй жануарларын ұстау және серуендету ережелері мен қосымша талаптарын түсіндіреді. Өткен сәрсенбінің өзінде қалалық полицейлер абаттандыру ережесін бұзудың 35 фактісін анықтап, 31 үй иесіне ескерту жасады және 4 адамға айыппұл салды», – дейді Петропавл қалалық жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ахмағамбетов.

 

 

Shares