Қазақстан мобильді интернет жылдамдығының әлемдік рейтингінде көтерілді
Қазақстан бойынша мобильді деректерді жүктеудің медиандық жылдамдығы 61%-ға өсіп, 2022 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың желтоқсанына дейін 35,07 Мбит/с жетті, бұл жаһандық интернет жылдамдығын талдаушы әлемдік жетекші Ookla компаниясының Speedtest Intelligence индексі деректеріне сәйкес, деп хабарлайды QZ Media тілшісі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасай отыра.
Бұл әсерлі прогресс Қазақстанға бірден 23 позицияға көтеріліп, 2023 жылдың желтоқсанында 72-орынға жетуге мүмкіндік берді, еліміз Өзбекстанды, Қырғызстанды және Тәжікстанды басып озды.
“4G доминантты технология болып қала беруде, алайда Қазақстан қазірдің өзінде 5G желісін толыққанды енгізу жолында, бұл экономика, білім беру, денсаулық сақтау және өмірдің басқа салаларын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады. 2023 жылы Қазақстандағы барлық жылдамдық тесттерінің 53%-дан астамы 5G қолдайтын құрылғыларда өткізілді, бұл нарықтың жаңа технологияларға дайын екендігін көрсетеді”,- делінген бейінді министрліктің хабарламасында.