Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл полицейлері мас күйде балағат сөздер айтқан адамды ұстады

Петропавл полицейлері мас күйде балағат сөздер айтқан адамды ұстады

19 тамыз күні Әуезов көшесінің бойында орналасқан модульдік стационарлық полиция бекетіне қарама-қарсы жерде тәртіп сақшылары 35 жастағы мас азаматты ұстады. Ол өтіп бара жатқан адамдардың біріне балағат сөздер айтып, жанжал тудырмақ болған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қоғамдық тәртіпті бұзған тұлға стационарлық бекетке жеткізіліпті. Ол полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындаудан бас тартып, өзін агрессивті ұстаған. Осыған байланысты полиция қызметкерлері арнайы техниканы қолдануға мәжбүр болған. 35 жастағы ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 667-бабы бойынша хаттама толтырылды. Хаттама іс жүргізу қаулысын қабылдау үшін сот органдарының қарауына жіберілген.

Shares