Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » СҚО-да апат салдарынан ат тізгіндеген адам қайтыс болды

СҚО-да апат салдарынан ат тізгіндеген адам қайтыс болды

Демалыс күндері өңірімізде екі ірі апат болды. 15 маусым күні Петропавл-Долматово автожолында жол-көлік оқиғасы орын алды. 30 жастағы “БМВ” автокөлігінің жүргізушісі “ГАЗ-33” көлігімен соқтығысқаны алдын ала анықталды. “БМВ” жүргізушісі қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Автокөліктерге механикалық зақым келді. Мамандандырылған тұраққа орналастырылды. Жүргізушілер ішімдік ішпеген. “БМВ” көлігінің жүргізушісіне қатысты 610-баптың 2-бөлігі
“Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы” бойынша әкімшілік материал жиналды.

Сонымен қатар, сенбі күні Тайынша ауданында Келлеровка ауылының маңындағы “Астана-Петропавл” республикалық маңызы бар автожолында 53 жастағы “Mitsubishi Fuso” автокөлігінің жүргізушісі ат тізгіндеген 52 жастағы адамды соқты.

Полицейлер тексеру нәтижелеріне сүйеніп, 52 жастағы ер адамның жол жиегімен жүргенін анықтады. Ол көлік келе жатқанда жолға шығып кеткен. Нәтижесінде ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Жылқы да өлді.

Бұл факт ҚР ҚК “КҚ пайдалану кезінде абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол ережелерін бұзу” бойынша СДТБТ-да тіркелді. “Mitsubishi Fuso” автокөлігінің жүргізушісінен қан алынды, алдын ала – масаң күйде емес.

Shares