СҚО-да жаңа ауыл шаруашылығы техникасы шығарылады
Тағы бір болашағы зор жобаны инвесторлар СҚО-да жүзеге асыруды жоспарлап отыр. “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы қатарға қосылатын компанияларға көптеген мүмкіндіктер береді: ЕЭА аумағына әкелінген кезде шикізат пен жабдықтарға кедендік баж салығынан босату, жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем – ұзақтығы үшін 0% коэффициент. Импортқа қосымша құн салығы – 0% және т.б артықшылықтар бар. Жыл сайын инвестициялық компаниялар көбейіп келеді. ЕЭА бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан, экономикалық аймақта көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылып үлгерді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«21 тамызда мен “Shandong Tianhai Agricultural Equipment Co., Ltd” және “Xuzhou KAT Agricultural Equipment Co., Ltd” (ҚХР) бас директоры Tian Qiliang мырзамен кездестім. Кездесуге СҚО бойынша Kazakh Invest басшылығы, Инвесторларға қызмет көрсету орталығының, «Qyzyljar» АЭА басшылары қатысты», – дейді кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Дархан Әмрин.
Кездесу барысында тараптар «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағы аумағында қуаттылығы 300 аттың күшіне татитын ауыл шаруашылығы техникасын шығару жобасын жүзеге асыруды талқылады. Өндірілген техника Қытай Халық Республикасындағы үздік ондықтың қатарына кіреді.