Қазақстанда кәсіби мерекелер тізбесі толықты
Қазақстанда ресми түрде жаңа кәсіби мерекелер пайда болды. Тиісті бұйрықты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады, – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
«Құжатқа сәйкес, кәсіби мерекелер тізбесі толығады: Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкер күні – 7 сәуір, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір,
Метрология қызметкері күні – 20 мамыр, Ветеринарлар күні – 10 шілде, Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі, Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерінің күні – 1 қазан, Стандарттау қызметкері күні – 14 қазан, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша”,- делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін тізім әртүрлі сала қызметкерлеріне арналған 55 мерекеден тұрды.