СҚО-да 7 агроқұрылым алғашқылардың қатарында «Кен дала 2» бағдарламасының қатысушысы атанды
Қазақстанда «Кен дала 2» атты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдаудың жаңа бағдарламасы іске асырылуда. Ол көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін фермерлерге несие беруге бағытталған, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Жаңа тетік фермерлер үшін бірқатар маңызды мәселелерді шешеді. Қаражаттың фермерлерге тез жетуі үшін несиелеуді қарау кезінде артық талаптарды жою туралы шешім қабылданды. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры 2024 жылғы маусымнан бастап агроөнеркәсіптік сектордың жобаларына, оның ішінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына
бағытталған жобаларға кепілдік бере бастады. Солтүстік Қазақстан облысында бірінші болып «Династия Агро» ЖШС, «Екпін-2002» ЖШС, «Санжар» ФШ, «Қызылжар МТС Агро» ЖШС, «Asyl
Grain Комарова» ЖШС, «Норд Агро 2030» ЖШС, «Бірлік» ФШ фермерлері кепілдік алды. Кепілдіктер жеткілікті кепілмен қамтамасыз етілмеген кәсіпкерлердің
кредиттері бойынша беріледі. Кредиттерді «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейдегі банктер, әлеуметтік- кәсіпкерлік корпорациялар, микроқаржы ұйымдары, өңірлік инвестициялық орталықтар бере алады.«Даму» Қоры құжаттардың ең аз пакетін ұсынған кезде кредиторлармен қол қойылған келісімдер шеңберінде өтінімдерді
портфельдік әдіспен қарайды.
Өтінімдерді қарау мерзімі екі жұмыс күніне дейін. «Даму» Қорының кепілдіктерін беру шарттары: кредиттің ең жоғары сомасы – 1,5 млрд теңгеден аспайды; кредиттің ең ұзақ мерзімі – ұзарту мүмкіндігімен 12 айдан аспайды; кепілдік мерзімі – кредиттік шарттың мерзімін ұзарту мүмкіндігімен төрт айдан асатын мерзім; кепілдік мөлшері – негізгі борыш сомасының 85%, бірақ 1,275 млрд теңгеден аспайды. Қор сондай-ақ Бірыңғай кешенді мемлекеттік бағдарлама және «Даму- Оптима» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер береді.