Петропавловск
+21°C
Главная страница » CҚО » Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік

Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік

№1 қалалық емханада комплаенс-менеджер мен медицина ұжымның қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кезекті жұмыс кездесуі өтті. Бұл кездесудің мақсаты – қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру болып табылады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық қоғамдық өмірдің барлық салаларында, саясатта, экономикада, әсіресе мемлекеттік қызметте – қазақстандықтар үшін үйреншікті болып қалғанын атап өту керек. Осыған байланысты емханадағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы қызметкерлердің пікірін зерделеу мақсатында сауалнама жүргізілді. Спикер емхананың медицина қызметкерлері арасында өткен сауалнама нәтижелерімен таныстырды.

Сауалнама нәтижелері бойынша келесі қорытындылар жасауға болады:

– «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды барлығы біледі және оның теріс әсерімен барлығы келіседі;

– қызметкерлер сыбайлас жемқорлық мәселесіне бей-жай қарамайды және онымен күресу керек екеніне сенімді;

– №1 қалалық емханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы қызметкерлердің хабардар болу деңгейін арттыру қажеттілігі бар.

Кездесу соңында комплаенс-менеджер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің call-орталығының нөмірімен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу туралы таныстырды.

Shares