ҚР-да екі айдан кейін АПВ-ға қарсы вакцинация басталады
ҚР-да 2024 жылдың күзінен 11 жастағы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы вакцина қойыла бастайды. Аталған вирус жатыр мойны обыры сияқты қорқынышты ауруды тудырады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Қазақстанда жатыр мойны обыры жылдам тарауда. Барлық жастағы әйелдерді мысал етейік. Мұнда қатерлі ісіктің басқа түрлері арасында жатыр мойны обыры екінші орында тұр. Жыл сайын республика бойынша 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.
“АПВ-ға қарсы вакцинация әлемнің 100-ден астам елінің ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізілген, соның ішінде: АҚШ, Канада, Израиль, Катар, БАӘ, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Швейцария, Франция, Австралия және Жапония. Бұл елдердің табысты тәжірибесі қазақстандықтарға алаңдаудың қажеті жоқ екенін дәлелдейді және жыныстық қатынасқа түскенге дейін қыз балалар өздерін қорғау керек екендігін ұғындырады. Мен бұған баса назар аударамын, өйткені біздің азаматтарымыз жаңа нәрселерден қорқады, бірақ бұл жағдайда қорқудың қажеті жоқ”, – деді облыстық перинаталдық орталық бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Мұстафина.
АПВ-ға қарсы вакцинация көрші елдерде – Өзбекстанда, Қырғызстанда және Түрікменстанда жүргізіледі. Бұл маңызды науқан СҚО-да сәуір айының соңында өтеді. Ол туралы СҚО санитарлық-эмидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасып айтып берді.
“Вакцинация 11 жастағы қыздарға жасалады. Алты айдан кейін, яғни 11 жарым жаста қайта егу болады. Қыздарға екі екпе егіледі”, – деді Арман Күшбасов.
ҚР Үкіметі адам папиллома вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Қазақстанда төрт валентті вакцина қолданылады, дәрігерлердің айтуынша, ол АПВ-ның неғұрлым онкогенді түрлерінен қорғайды (6, 11, 16, 18).