Петропавловск
+21°C
Главная страница » Мәдениет » СҚО тұрғындарына Домбыра күніне орай “Теріскей” ансамблі мерекелік көңіл-күй сыйлады

СҚО тұрғындарына Домбыра күніне орай “Теріскей” ансамблі мерекелік көңіл-күй сыйлады

Петропавлда қала тұрғындары мен облыс орталығының қонақтарына “Теріскей” ансамблі концерт қойды. Домбыра күніне орай өнер көрсеткен кәсіби ұжым 2017 жылы қалалық мәдениет үйінде құрылды. Ансамблдің репертуарында 200-ден астам түрлі композиция бар, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Фольклорлық этнографиялық ансамбльге 12 адам кіреді. Қатысушылар музыкалық шығармаларды ұлттық аспаптарда орындайды. Домбыра күні әртістер солтүстікқазақстандықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

“Бүгін біздің 4-ші жеке концертіміз өтіп жатыр. Ұлттық домбыра күнінде күйлер, шетелдік композиторлардың шығармаларын, түрлі жанрдағы әндерді ойнадық”, – деді “Теріскей” фольклорлық ансамблінің жетекшісі Жеңіс Қабдолбариев.

Shares