Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » ХҚКО қызметтерін бейнеқоңырау арқылы алушылар саны артып келеді

ХҚКО қызметтерін бейнеқоңырау арқылы алушылар саны артып келеді

Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен «ХҚКО» қосымшасындағы бейнеқоңырау арқылы байланысып, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алуға және өтініш беруге болады. Қазіргі уақытта 79 қызмет түрі қолжетімді, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұл қызметті пайдалану үшін қосымшаның басты бетінде “Бейне қызметі” батырмасын басу керек. Құжаттарды диалогтық терезеде тіркей аласыз, содан кейін оператор өтінішті қашықтан қалыптастырады. Мемлекеттік баж екінші деңгейлі банк қосымшаларында төленеді.

«Сервис өз уақытын бағалайтын азаматтар үшін ыңғайлы. Егер халыққа қызмет көрсету орталығы үйден алыс орналасса немесе қарбалас уақытта жету қиын болса, азаматтар ХҚКО қызметкеріне бейнеқоңырау шалып, қызмет ала алады. Қосымша қазақстандықтар арасында сұранысқа ие. Бүгінгі таңда қосымшаның 400 мыңға жуық қолданушысы бар”, – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, бейнеқоңырау арқылы қызмет алушылар мобильді азаматтар базасында нөмірді тіркеу және қайта тіркеу, ЭЦҚ алу және кері қайтарып алу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметтерін алу үшін жиі жүгінеді. Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электрондық кезек талонын алуға, қажетті халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан жерін қарауға және өзге де өзекті сұрақтармен танысуға болады.

Shares