Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Бескөлде 15 жасар қыз тоналды

Бескөлде 15 жасар қыз тоналды

24 тамызда Қызылжар аудандық полиция бөлімінің пультіне тонау туралы хабар түседі. Белгісіз ер адам 15 жасар қыздан ашық түрде мың теңге көлеміндегі ақшасын тартып алыпты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы «Тонау» бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта полицейлер қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

 

 

Shares