Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы Солнечный кентінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Петропавлдағы Солнечный кентінде жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Солнечный-1 кентінде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды. Дачная, Тенистая, Садовое көшелері орташа жөндеумен қамтылды, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

«Қазір мердігер ұйымның бригадалары көшеге қосылар аумақтарды және жол жиектерін нығайтумен айналысуда. Осыдан кейін жол белгілерін салу жұмыстары басталады», – деп хабарлады қала әкімдігі.

Биыл Сосновая, Прибрежная және Прохладная көшелерінде де жаңа асфальт пайда болады. Қазіргі уақытта мердігермен келісім-шарт жасалып жатыр

Shares