Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару ісі жалғасуда

Петропавлда пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару ісі жалғасуда

Қаланың өзекті мәселелерінің бірі – заң бұзушылықпен берілген және мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтару, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

2019 жылдан бері жер телімдерінің ұзақ уақыт мақсаты бойынша пайдаланылмауына байланысты жергілікті билік 111 коммерциялық жер телімін алып қойған. Сонымен қатар, 2023 жылдың өткен кезеңінде бау-бақша серіктестіктерінде жүргізілген тексеру нәтижесінде 56 учаске мемлекет меншігіне қайтарылып, жаңа меншік иелеріне берілді, тағы 17 материал сотта қаралуда.

«Соңғы 3 жылда біз 14 аукцион өткіздік. Жалпы сомасы 338 миллион теңгеге жуық 100 учаске сатылды. Жыл соңына дейін коммерциялық мақсаттағы бос жер телімдері анықталса, тағы 2 аукцион өткізу жоспарлануда», – деп қосты қала әкімі Серік Мұхамедиев

 

Shares