Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда 33 қоқыс үйіндісі анықталды

Петропавлда 33 қоқыс үйіндісі анықталды

2023 жылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қалдықтарды орналастырудың 242 орны анықталды: 172 – санкцияланбаған қоқыс үйінділері, 70 – белгіленген шекараларды бұза отырып. Бүгінгі таңда 186 полигон жойылды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Петропавл қаласы бойынша мобильді жұмыс тобының қызметкерлерімен шығу барысында – 33, Қызылжар ауданы бойынша – 13, Жамбыл ауданы бойынша – 1, Есіл ауданы бойынша – 1, Мамлют ауданы бойынша – 12 қалдықтарды санкцияланбаған орналастыру орындары тіркелді. Бүгінгі таңда мобильді жұмыс тобы анықтаған 61 үйіндінің 26-сы жойылды, қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілмеген орындарын жою жұмыстары жалғасуда.

«Бүгінгі күні ҚТҚ орналастырудың 453 объектісі бар, оның ішінде 350-ге жер актілері ресімделгенін және ҚТҚ-ның 11 полигонында ғана тиісті рұқсат құжаттамасы бар екенін атап өткім келеді»,- деді жауапты департамент басшысы.

 

 

Shares