Петропавловск
+21°C
Главная страница » Қазақстан » 53 күндік ем-дом, 5 операция: қазақстандық 10 мың вольтты тоқ соққысынан аман қалды

53 күндік ем-дом, 5 операция: қазақстандық 10 мың вольтты тоқ соққысынан аман қалды

Періштесі қақты! Алматы комбустиологтары екі ай бойы тынымсыз тер төкті. Олар қуаты аса күшті тоқ соққан 27 жастағы қазақстандықтың өмірі үшін күресті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі Zakon.kz. материалына сілтеме жасап.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, электр монтаждаушысы болып жұмыс істейтін Аян көктемде Абай облысы Алакөл ауданындағы учаскеде жұмыс істеп жүріп электр жарақатын алған. Ер адам алғашқы 10 күнді Алакөл орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде өткізді, кейін жағдайы тұрақталған соң науқас тиісті деңгейде көмек көрсете алатын күйік бөлімі мамандары бар Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Комбустиологтар оған мынандай диагноз қойды: электр тоғының әсерінен 2-дәрежелі электр жарақаты, сонымен қатар, білек, қол, іштің алдыңғы қабырғасы, табанның IV дәрежелі электрлік күйігі бар.

“Науқас туыстары мен реаниматологтың сүйемелдеуімен №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Оны көпбейінді дәрігерлер бригадасы – травматолог, реаниматолог-анестезиолог, терапевт – жан-жақты тексеріп, күйік бөліміне жатқызды. Білек пен қолдың төменгі үштен бір бөлігінде күйік жаралары, екінші саусақтың некроз аймақтары, сол жақта алдыңғы іш қабырғасы аймағында күйік жаралары, оң табан аймағында медиальды бетінде және сол табанның бүйір бетінде электрлік күйік іздері анықталды. Науқастың жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланды”, – деді бөлім меңгерушісі, дәрігер-комбустиолог Елдос Әлменов.

Жарақат алған кезде сол және оң қолдың сұқ саусақтарының әлі бітті, бірақ хирургтар қолды инфекцияның таралуынан құтқарып, қалған саусақ фалангтары мен табанды ампутациядан сақтай алды. Электрмонтеры Аян абайсыздыққа тап болған жағдайға өзін ғана кінәлайды. Өмір үшін ұзақ күрескен ол ауруханадан өз аяғын басып шықты.

Shares